«Digital Life» жобасы ұйымдастырушыларының* міндеті қазақстандықтардың смартфондар мен мобайл қосымшалардың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы білімін арттыру болды. Мастер-класс тыңдаушылары – мектеп оқушылары мен ата-аналар, студенттер, шағын және орта бизнес өкілдері, журналистер мен блогерлер. Сонымен бірге зейнеткерлер үшін «Апашки, аташки и смартфон» атты курс арнайы ұйымдастырылды, оған қатысушылар смартфон қолдануды, мессенджер орнатуды және әлеуметтік желілерде әңгімелесуді үйренді.
«Интернет-өмірге белсене араласуды бұрыннан қалайтынмын. Маған жаңалықтар, кітаптар, фильмдер мен музыка – осының бәрін интернеттен табуға болатынын айтты. Менің бүкіл әлем бойынша достарым көп, бірақ олармен үнемі байланыс жасап тұру мүмкін бола бермейді. Содан ұлым смартфон сыйлады. Смартфонның қолданушыға арналған оқулығын оқып көрдім, шынымды айтсам, түк түсінбедім. Ал қазір – тренинг кезінде WhatsАpp пен Youtube-ті қалай қолдануды, интернетке қалай қосылу керектігін, әлемнің басқа бір түкпіріндегі адамды қалай табуға болатынын ұқтым. Қазіргі дүниені тану, немерелерімше айтқанда, «байыбын білу» – бұл өте қызық әрі тартымды», — дейді «Апашки, аташки и смартфон» курсы тыңдаушыларының бірі Александр Фроленков.
Зейнеткерлер көп қолданатын мобайл қосымшалар WhatsApp пен «Шахматы» болып шықты. Студенттерді бәрінен бұрын Udemi, Coursera және British Council оқыту бағдарламалары қызықтырады. Кәсіпкерлердің «Бизнеске арналған әлеуметтік желілер» және «TeamWork жобаларды басқару жүйелері» мобайл қосымшаларын көп қолданатыны байқалды.
«Барлық адамға арналған білім» — «Кселл» компаниясының әлеуметтік жобаларды іске асырудағы шешуші ұстанымы. Бұл біздің барлық ниет білдірушіге өзін-өзі дамыту мен білім алуға мүмкіндік беретін құралдар мен мобайл технологияларды таңдайтынымызды білдіреді. Біздің мобайл білім беру жөніндегі курстарымыз бұл мақсатқа толық сай келеді. Оларға кез келген адам қатыса алады, курстар тегін және Қазақстанның барлық ірі қаласында өтеді. Біз қазақстандықтар білім алу, кәсіп жүргізу, денсаулықты нығайту және жай ғана қарым-қатынас жасау үшін өз смартфондарының бар әлеуетін пайдаланса екен дейміз. Біз айтарлықтай шамада мұны іске асыра алдық деп ойлаймын», — деп атап өтті «Кселл» АҚ коммуникациялар бөлімінің жетекшісі Наталья Еськова.