Басты бетЖаңалықтарСиноптиктер 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Республикамыздың басым бөлігі ауқымды антициклон әсерінде болғандықтан жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында атмосфералық фронттарға байланысты найзағайлы жаңбыр сақталады.

Қазақстан бойынша жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі.