Басты бетКедейлікке апаратын...

Кедейлікке апаратын 7 әдет

  1. Өзіне әрдайым аяушылық таныту

Егер адам өзіне кез келген дүниеге бола аяушылықпен қараса, өмірін жақсы жағына өзгерту жолын тежейді. Өзін «ақтап», айналасындағыларды басындағы мәселесіне бола жазығаратын болса, демек ол қателіктерін ешқашан мойындамайды. Бұл оның түзелуге ұмтылмайтындығын көрсетеді.

Сондай-ақ, мұндай адамдар қоғаммен қарым-қатынас жасаудан өзін-өзі шектеп жүреді. Сол себепті де қоғам әрнеге көңілі толмайтындарды қабылдай алмайды, өзіне жақын тартпайды. Қарым-қатынас адамнан позитивті талап етеді. Бұл қоғамның бір ғана адамның мәселесіне бей-жай қарайтындығын көрсетеді.

Адамдар бір-біріне нақты мәселелер бойынша көмектесуге дайын. Алайда әрдайым «өмірге өкпелі» жанның көңілін көтеруге кез келген құлықты бола бермейді.

Сол себепті, мұндай адамдардың қоғаммен байланысы дұрыс болмайды, табысты жұмыс таба алмайды, мансабын қалыптастырмайды, қызықты жобалардан шеткері қалып, өзін жеке тұлға ретінде қалыптастырмайды.

  1. Шектен шыққан үнемшілдік

Өзіңізді шектен шыққан үнемшіл екеніңізді қайдан білесіз? Оны төмендегі белгілер арқылы анықтауға болады:

— тауарларды тек жеңілдіктер немесе жаппай сатылым науқаны кезінде ғана сатып алу;

— достарына қарызға ақша беруден бас тарту;

— өзгенің қалтасындағы ақшаны санау әдеті;

— артық ақша шығармау әдеті (мысалы, жақсы қызметкерге шайпұл бермеу);

— қаржылық қиындыққа тап болудан қорқып, балалы болғысы келмейтіндер;

Егер осы бөлімдер сізге қатысты болса, бұл сіздің есепке мықты екендігіңізді емес, шығын мен кірісті дұрыс басқара алмайтындығыңызды көрсетеді.

  1. Бақытты ақшамен өлшеу

Тек «кедей» жандар ғана бақытты жоғары жалақы деп бағалайды. Олар қымбат заттарға (үй, көлік, т.б.) қол жеткізбей, өмірден қуаныш табуға болмайды деп түсінеді.

Шын мәнінде, бай адамның арманы — шынайы достық, берекелі отбасы және махаббат. Сондай-ақ ешкімге қолды болмайтын, жоғалмайтын әрі оңайлықпен келмейтін байлық ретінде «білімді» бағалайды. Білім — математикадан бестік алу немесе докторантурада оқу ғана емес, оның өмірлік тәжірибеде екенін ұмытпаған жөн.

Қарап отырғанымыздай, құндылықтардың орнын білу адамның бақытты болуына үлкен септігін тигізеді.

  1. Ақшасыз қалудан қорқу

Егер қолыңызда барыңыз таусылып қалады деп ойласаңыз, ақша жайлы түсінігіңіздің жеткілікті дәрежеде емес екенін біліңіз. Жағдайы жақсы адамдар жұмыстан қысқартылудан қорықпайды. Олар өз қабілеттеріне сенімді, өзін-өзі әрдайым жетілдіріп отырады. Олар ақшаның бірде келіп, бірде кететіндігін біледі.

  1. Кіріс пен шығынның арасында теңгерімнің болмауы

Шығын адамның табысынан асып кетпеуі керек. Егер білек сыбанып, барыңызды салып жұмыс істесеңіз де ақша жетпесе, онда қызметіңізді ауыстыруыңыз керек. Яки сізге шығындарды азайту қажет.

  1. Қалтаға ақша салып, үйге қарай зымырау

Психологтардың айтуы бойынша, жаны қаламаған жұмысты істейтіндер сәтсіздікке жиі душар болады. Әрдайым өзі қаламаған іспен айналысу адамның дұрыс емес қадамдарды жасауына әкеп соқтырады. Сонымен қатар қабілеттерді арттырып отыру үшін мотивация қажет. Өзің қаламаған жерде жұмыс істесең, дамытуды былай қойып, қалтаңа ақшаңды салып, үйге қарай асығасың.

Бұдан шығатын қорытынды, адам ақшадан ғана мотивация алмайды. Атқарған жұмысы моральдық тұрғыдан рахат сыйлауы қажет.

  1. Туған-туыспен байланысты азайту

Отбасынан, жақындарынан алшақтаған адам жиі қателіктерге ұрынады. Шын мәнінде бақытты, бай әрі бақуатты жандар өздерінің қайдан шыққанын және туған-туысының кім екенін біледі. Қамқорлық танытады.