Snickers® компаниясы футбол жұлдыздарымен бірге енді жанкүйер бола бастаған жанкүйерлердің қатесін еске түсірді.

Snickers® бренді футболдың супержұлдыздары Лука Модрич пен Букайо Сакамен бірге коллаборация жасап, жаңа кампания құрып жатыр. Mars Inc. компаниясының өкілі Snickers® шоколад бренді футбол жанкүйерлеріне «жаңа жанкүйердің қатесі» деген қолайсыз жағдайға түсіп қалмауына көмектесетін стратегия әзірледі.

Роликтегі кампанияның оқиғасы бойынша, Тима деген кейіпкер шаштараз салонында шашын қидыртып отырып, экраннан футбол матчын қызығып көріп отырады. Тима мен басқа адамдар шаштараз салонындағы орындықтарға ыңғайланып жайғасып, теледидар экранынан командасының матчын тамашалап отыр. Бірақ Тима командасына жеңіс сыйлаған голға қуанғаны соншалық, эмоциясын ұстай алмай, орнынан атып тұрады. Дәл осы сәтте шаштараз рөліндегі Букайо Сака байқаусызда оның бір уыс шашын кесіп алады. Сол кезде Тима «жаңа жанкүйердің қатесін» жасағанын түсінеді. Тимаға шаштараздың көмекшісі — Лука Модрич келіп, болмашы күлкілі қатенің шешімі ретінде оған «Жаңа ойынышының қатесі ме? Сізге жай ғана Snickers® керек шығар» деген слоганы бар Snickers® батонын береді.

Сонымен қатар бейнеде Модрич пен Сака футбол жанкүйерлерінің көп істейтін қателерін айтып, оны бағалап, оған қатысты ойын бөліседі. Оған қоса олар өзі көрген үлкен қателерді — жаңа жанкүйерлердің хот-дог сатып алуға кетіп, футболшының қалай гол салғанын көрмей қалғанын, стадионға кіретін билетін ұялы телефонына сақтап, бірақ телефонының қуаты таусылып қалғанын айтып берді. Футболшылар «жаңа жанкүйерлердің қатесін» 1-ден 10-ға дейін бағалап, тіпті өзінің басынан өткен оқиғасын айтып берді.

Маған Snickers®-пен жұмыс істеген ұнады. Ең күлкілі футболға қатысты қателерді бағалау қызық болды. Қателер болады және әрбір адам «жаңа ойыншының қатесін» жіберуі мүмкін. Мұндай кезде ойынға қайта кірісу үшін кішкене ғана қолдау қажет, — деді Лука Модрич.

«Біз бәріміз алаңнан тыс жерде «енді бастаған адамның қатесін» жасап, ұятқа қалғанбыз. Ал футбол жанкүйерлерінсіз өмір сүре алмайды! Бірақ командасының ойынын көріп отырып, шашын қидыртып алғаны 10-нан 10-ға бағаланатын оқиға екен. Маған Лукамен жұмыс істеген ұнады, бірлескен жоба үшін Snickers® командасына рақмет», — деді Букайо Сака.

Жанкүйерлер кейде қатені дұрыс қабылдамай жатады, сол себепті біз «жаңа жанкүйердің қатесі» дегенге ерекше назар аударып отырмыз. Ал мұны футболдағы ең ұлы есімдердің қатарына кіретін екі ойыншыдан жақсы кім түсіндіре алады? Модрич пен Сака қатысатын ирониялық кампания футбол жанкүйерлерінің қатесіне күліп қана қарауға шақырады. Ал Snickers® басыңды құмға көмгің келген сәттерді түсінуге көмектесетін қанатты сезім сыйлайды, — деді Mars Wrigley-дегі Snickers® брендінің аймақтық директоры Грег Кент.