Қуандық Бишімбаевтың ісі: БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды

Бүгін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша процесте БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды.

Бұған желіде алқабилер түсіп қалған кадрлар себеп болған.

Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Көлбаева 9 сәуірде сот отырысынан кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде алқабилердің фото және видео кадрлары пайда болғанын айтты. Бұл үшін жоғарғы соттың нормативтік қаулылары бойынша жауапкершілік қарастырылған.

Осындай деректерді және алқабилермен процессуалдық емес байланыстарды болдырмау және әділеттілік мақсатында сот БАҚ-ты, әлеуметтік желілерді және жеке тұлғаларды алқабилер сотының барысын бейнелейтін суреттер мен видеоларды Интернеттен алып тастауды міндеттеу туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижелері алынғанға дейін қылмыстық істі объектив және дұрыс қарау үшін сот барлық бұқаралық ақпарат құралдарын, өкілдерді сот ғимаратындағы арнайы бөлінген бөлмеге сот отырысы залынан шығару қажет деп санайды. Залға жиналғандардың барлығына алқабилер алқасының суреттері мен видеоларын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауға болмайтынын ескертемін, — деді судья.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың ісі Астана сотына жіберілген болатын. Оған екі бап бойынша айып тағылып отыр. Олар:

  • Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 2-бөлігінің 6-тармағы – адам өлтіру, басқа адамды қасақана аса қатыгездікпен адам өлтіру қазаға ұшырату (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру);
  • Қылмыстық кодекстің 110-бабы, 2-бөлігінің 1-тармағы — адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамды қинау (төрт жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немес осы мерзімге бас бостандығынан айыру);
  • Ал Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) және 434-бабы (аса ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша айыпталып отыр.

Еске салайық, былтыр 9 қарашада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып, өлтіргені туралы хабар тарады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаевқа қатысты екі айға қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы қабылданғаны белгілі болды.