Басты бет Жаңалықтар «Эйр Астана» билеттерді сатып алу кезінде алаяқтықтын алдын алу мақсатында қолданған шараларды...

«Эйр Астана» билеттерді сатып алу кезінде алаяқтықтын алдын алу мақсатында қолданған шараларды түсіндіреді

"Эйр Астана" әуе компаниясы билеттерді онлайн немесе Брондау және ақпарат орталығы арқылы сатып алған кездегі рейске тіркелу ережелері жайында хабарлайды.

  • «Эйр Астана» әуе компаниясы әуе билетті сатып алу кезінде қолданылған кредиттік картаның түп нұсқасын және сол кредиттік картаның иесінің жеке куәлігін немесе төлқұжатын әуежайда тіркелу кезінде немесе ұшаққа отырғызу кезінде тексеру үшін көрсетуді талап етеді.
  • Клиент картаны көрсету талабын орындағанда тасымалданады;
  • Сонымен қатар, төлеуші кейбір жағдайларда «авторизациялық кодты» енгізу опциясын таңдай алады. Ол ұшін төлем уақытында эмитент-банкпен хабарласып, «авторизациялық кодты» алу қажет. Бұл опцияны таңдаған жағдайда қолданылған кредиттік картаның түп нұсқасын әуежайда тіркелу кезінде немесе ұшаққа отырғызу кезінде тексеру үшін көрсету талап етілмейді.

Бұл тәжірибе халықаралық болып табылады, себебі жыл сайын алаяқтық операциялар арқасында әуе компаниялар миллиондаған ақша жоғалтады. «Эйр Астана» билет сатып алу кезінде ережелерді сақтауды және ұшуға қажетті барлық құжаттарды ұмытпауды сұрайды. Барлық сұрақтар бойынша customer.relations@airastana.com электрондық поштасына хабарласуларыңызға болады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version