Басты бет Жаңалықтар Қайрат Түнтеков 4 жылдан соң сахнаға қайта оралды

Қайрат Түнтеков 4 жылдан соң сахнаға қайта оралды

Қайрат Түнтеков "Америка дауысы" телебайқауына қатысуы мүмкін. Бұл туралы әншінің өзі 4 жылдық үзілістен кейін "Время" газетіне берген эксклюзивті сұхбатында мәлімдеді.

Латвияның Юрмала қаласында  өткен «Жаңа толқын – 2010″ байқауында Қазақстан намысын қорғаған Қайрат Түнтеков жол апатына себеп болғаны үшін 40 күн абақтыға қамалып, кейін ел көзінен тасада қалған болатын.

2013 жылы болған оқиға әншінің жұлдызды жолын өзге арнаға бұрып жіберді. Миллиондаған халықтың ыстық ықыласынан шет қалған әнші 4 жыл бойы тек шағын шаралардан көрініп жүрді. Аталған сұхбатында әнші үлкен сахнаға қайта оралғанын нық сеніммен айтты.

«Бәріне айтарым, бұдан былай мен үшін уайымдамаңыздар. Өзім де уайымдамайтын боламын. Осы да жетер!», – деді Қайрат Түнтеков.

Келесі жылы Америкаға аттанып, алып елді бағындырғысы келетінін де жасырмаған әншінің «Америка дауысына» қатысып, Sony Music компаниясымен бірлесе жұмыс істеу жоспарында бар.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version