Басты бет Жаңалықтар «Жаңа толқын-2017» ән байқауына қатысатын қазақстандық анықталды

«Жаңа толқын-2017» ән байқауына қатысатын қазақстандық анықталды

Биыл Сочиде өтетін «Жаңа толқын» халықаралық ән байқауында Қазақстанның атынан Рүстем Жүгінісов өнер көрсетеді.

«Мен «Жаңа толқын-2017» халықаралық ән байқауында финалға шықтым. Сіздерге бұл туралы хабарламастан бұрын, Мәскеуге кетіп қалғаным үшін кешірім сұраймын. Тосынсый жасағым келді. Менің арманым орындалды», — деп жазды Рүстем Жүгінісов өзінің Instagram парақшасында.

«Жаңа толқын» ән байқауының финалы Сочи қаласында 8-15 қыркүйек аралығында өтеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version