Басты бетЖаңалықтарСиви Махмудидің...

Сиви Махмудидің лаунж-барына айыппұл салынды

Алматы әкімдігі «Sivi» Lounge Bar-ының үстінен сотқа арыз түсірген. Алматы қалалық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы Бостандық ауданындағы Әуезов 128, № 20 пәтер мекенжайындағы құрылыс иесінің үстінен арызданған.

Ал осыған дейін лаундж-бардың басшысы мекеменің шын мәнінде әнші Сиви Махмудидің иелігінде екенін растаған еді. Оның айтуынша, мейрамхананың рұқсат қағазы болған.

«Тексеріс кезінде, пәтердің қайта жабдықталғаны, № 20 пәтердің және №16 тұрғын үйдің адам тұрмайтын алаңын бөлме аралық қабырғаларын демонтаждау жолымен өзгертілгені белгілі болды», — делінген хабарламада.

Осы дерек бойынша кәсіпкер айыпты деп танылып, 520 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 1 179 880 теңге сомасында айыппұл салынған.

«Сонымен қатар, 2017 жылдың 3 сәуірінде Басқарма Бостандық ауданындағы №20 пәтерге заңсыз енгізілген құрылыс өзгерістері туралы Алматының аудандық сотына арыз түсірді», — делінген хабарламада.

ДереккөзTengrinews