Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімге Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов бүгін, 2024 жылғы 7 сәуірде қол қойды, — делінген Атырау облысының жедел штабы таратқан хабарламада.

6 сәуірде Атырауға жұмыс сапарымен барған вице-премьер Қанат Бозымбаев жедел штаб отырысын өткізіп, қалада ТЖ режимі жарияланатынын мәлімдеді. Ол бұл шешім Ресейдегі су тасқыны және Атырау облысындағы су тасқынымен күрес іс-шаралары барысында Жайық өзеніндегі су бөгеттерін нығайту қажет болғаны үшін қабылданғанын айтты. Оның айтуынша, судың Атырауға жетуіне 20 шақты күн қалған.