Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының қоюшы-режиссеры Оразхан Кенебаев өмірден өтті. Бұл туралы театрдың Instagram-парақшасында жарияланды.
Оразхан Сәдуақасұлы Кенебаев Темірбек Жүргeнов атындағы қазақ мемлекеттік өнер институтының драма мен кино режиссурасы факультетін бітірген (1995), драма мен кино режиссері.
Ол 1976 жылдан бастап Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері болып, 1989 жылдан бастап Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік жасөспірімдер мен балалар театрының актеры болып жұмыс істеді.
2000 жылы Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы қызметін атқарды.
Ол актерлық мәнсабында «Абай» (Оразбай), «Абылай хан» (Қалдан шері, Орыс елшісі), «Ревизор» (Дуанбасы), «Томирис» (Балхаш), «Қамар сұлу» (Омар), «Махаббаттыңғажап әні» (Қожақ), «Атжылаған түн» (Төраға), «Құдалар» (Момын), «Мөлдір махаббат» (Әбутәліп) және басқа спектакльдерінде ойнады.
Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Задорновтың «Күйеуіңізді сатыңызшысы», Б. Мұқайдың «Кавалерлері», О. Боранбаевтың «Баламуты», Қ. Мұхамeтжанов пен Ш. Айтматовтың «Фудзиямадағы кездесу» және басқалар. Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына арналған халықаралық фестивальда «Қобыланды» спектаклінің қойылымы үшін «Ең үздік режиссер» бас жүлдесін алған.