Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупіне байланысты екі ауылдың тұрғындары көшірілді. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Бөрлі ауданының Қарашығанақ, Димитров кенттерінде тұрғындарды алдын ала эвакуациялау жұмыстары жүргізілді, — делінген хабарламада.
Бұл іске облыстық ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Ведомствоның мәліметінше, Жерсуат елді мекеніне, мектеп жанындағы интернатқа 25 адам көшірілді, оның ішінде бір бала бар.