Биыл елімізде 7 және 9 мамырға арналған әскери шеру өткізілмейді. Қорғаныс министрлігі мұндай шешімді «бюджет үнемдеу және басқа да мәселелерді шешу қажеттігі негізінде» қабылдады.
Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұған дейін әскери шеру жыл сайын ұйымдастырылып келгендіктен Қазақстан азаматтарының санасында жылда өтетін дәстүрлі іс-шара ретінде қалыптасып қалғаны анық. Қорғаныс министрлігіндегілер «шеруді жыл сайын өткізу керек» деген регламент жоқ екенін алға тартып отыр. Демек, қалаған уақытта өткізілуі де мүмкін, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстанда 2019 жылдан бері әскери шерулер өткізілмей жүр. 2022 және 2023 жылдары шығынды үнемдеуге байланысты, ал 2021 және 2020 жылдары пандемия салдарынан ұйымдастырылмады.