Басты бетЖаңалықтар"Балаларға арналмаған...

«Балаларға арналмаған сандар»: Астанада педофил мәселесі көтерілген көрме өтті

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысының «124» азаматтық кампаниясы елорда «Балаларға арналмаған сандар» атты балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының көрмесін ұсынды.

Ұйымдастырушылар азғындыққа ұшыраған уақыттағы балалардың жастарымен бөлісті.

Кейінгі үш жыл ішінде елімізде жас балаларға 2 472 қылық көрсетілген. Бұл ессіздік үш айлық балаға сексуалды зорлық көрсетуге дейін жетті. Зорлық көрсетушілер бейтаныс адамдар ғана емес, туған әкесі, бауырлары мен туыстары да болуы мүмкін.

"Жаңа адамдар" жастар қозғалысы
Фото: «Жаңа адамдар» жастар қозғалысы

«Балаларды қалай қорғаймыз? Ең алдымен, бейжай қарауды тоқтату керек. Күмәнді ағайдың кішкентай баланы қараңғы бұрышқа алып бара жатқанын көрдіңіз бе? Оларды тоқтатыңыз да, не болып жатқанын сұраңыз. Қабырға артынан баланың көмек сұрап, жалбарынған даусын естідіңіз бе? Жылдам полиция қызметкерлерін шақырыңыз. Неге балаңыз мектепке, бала-бақшаға немесе біреуге қонаққа барудан қашады? Балаңызды онда қинап алып бармастан, неге олай істеп жатқанын анықтаңыз. Өз уайымыңызды көрсетіп баланың жанына жақындап, бәрінің дұрыс екеніне көз жеткізудің ешқандай да ұяты жоқ. Нағыз қорқынышты және ұят жағдай — балаға жыныстық зорлық-зомбылық жағдайын көре тұра қашу және әрекет етпеу. Балаларды біз қорғамағанда кім қорғайды?, — деді «124» әлеуметтік жобаның лидері Аружан Нығметова.