Қазақстанда биыл қаңтар — ақпанда қант өндірісі азайып кетті. Бұл туралы Еnergyprom.kz. хабарлады.
Қамыс немесе қызылша қантының шикі және тазартылған өндірісі төрт есеге төмендеген.
Жылдың алғашқы екі айында 15,5 мың тонна өндірілді, бұл былтырғы жылдың дәлі осы кезеңімен салыстырғанда төрт есе аз. Ал 2022 жылғы қаңтар — ақпанмен салыстырғанда өндіріс көлемі 40,3%-ке қысқарды.
Қаңтар айында отандық қант зауыттары 6 мың тонна қант өндірді, бұл 2023 жылғы қаңтарына қарағанда бірден 5,4 есе аз. Осы кезеңде импорт тек 23,3%-ке қысқарды, яғни, импорттың үлесін 49,2%-тен 80,2%-ке дейін арттырды. Экспорт және реэкспорт биылғы қаңтарда 10,5 мың тонна болды, ал ішкі нарықта сату бір жылда 3,2 есе азайып, 19,8 мың тоннаны құраған.
Былтыр ақпанда бір килограмм түйіршіктелген қанттың орташа бөлшек сауда бағасы 458 теңге болса, ал биылғы ақпанда 391 теңгеге дейін төмендеді. 2022 жылғы ақпанда Қазақстан бойынша түйіршіктелген бір кг қант бағасы 296 теңге болған.
2024 жыл наурыз айының қорытындысы бойынша түйіршіктелген қант бағасы бір айда бірден 3,2%-ке өсті, бұл 2022 жылдың шілдесінен бергі ең жоғары көрсеткіш. Салыстыру үшін, ақпан айында қант 1,5%-ке, өткен жылдың наурызында 2,2%-ке, ал 2022 жылдың наурызында бірден 34,3%-ке өсті.
Бір жыл ішінде түйіршіктелген қант 10,1%-ке арзандады.
Өткен жылдың наурызымен салыстырғанда Қазақстанның барлық өңірінде түйіршіктелген қант арзандады.