«Қазгидромет» РМК синоптиктері ел аумағында 3 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.
Синоптиктердің мәліметінше, антициклон ҚР батыс бөлігіне әсер етіп жатыр, сол себепті жауын-шашын күтілмейді.
Республикамыздың шығыс жартысынан фронталды айматың әсерінде, сол себепті жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, оңтүстік аймақтарда жаңбыр түсіп, найзағай ойнайды. Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, солтүстікте, шығыста, орталықта — көктайғақ, батыста шаңды дауыл күтіледі, — деп жазды ведомстводан.