Инсульттен қалай сақтану керек?

Ғалымдар Нью-Йоркте 2002-2013 жылдар арасында ауруханаға түскен адамдарға қатысты статистикалық мәліметтерді зерттеген. Нәтижесінде құрамында транс-майы көп азық-түліктен бас тарту инсульттің алдын алады деген шешімге келген.

«Рационнан транс-майларды алып тастау арқылы инсульт пен ұстамалы жүрек ауруының қатерлерінен айтарлықтай сақтануға болады. Транс-майларға мемлекеттік деңгейде тыйым салынса, бұл миллиондаған адам үшін нағыз жеңіс болар еді», — дейді зерттеу авторларының бірі.

Майлы тағамдарды қысқартқан инсульт пен ұстамалы жүрек ауруымен ауырған науқастардың санының алты пайызға қысқарғаны айтылады.

Транс-майлар қытырлақ картоптарда, крекерлерде, қуырылған тағамдарда және нан-бөлішке өнімдерінде аса қауіпті болып есептеледі.

ДереккөзTengrinews.kz