Qazaq Stroy су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 500 млн теңге қаржылай көмек береді

Qazaq Stroy компаниясында құрылған топтар су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне 500 миллион теңге қаржылай көмек береді.

Qazaq Stroy бөлінген қаражатқа құрылыс материалдары мен бірінші кезекте қажет заттар сатып алынатынын хабарлады.

Мұндай қиын кезеңде біз бірігуіміз қажет. Тұтас бір аймақ зардап шекті.  Тек Ақтөбедегі су тасқынынан 150-ден астам үй құлады, ал барлық облыста 700-ден астам үй су астында қалды.  Адамдар баспаналарын қалыпқа келтіріп, үйлеріне тез оралуы үшін көмектескіміз келеді, — делінген компанияның ресми хабарламасында.

Qazaq Stroy жүктер тиелген фуралар жақын арада межелі пункттерге жіберілетінін айтып өтті.