1 мамырда жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады

Қазақстанда 7%-тік жаңа ипотекалық бағдарлама бір айдан кейін басталады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді.

Осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазір «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатыр. Бұл бағдарламаның жалпы сомасы. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ставка 7%-тен аспайды. 1 мамыр күні біз бағдарламаның барлық шартын жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырда басталады, — деді Қанат Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін Атырауда өткен ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алуды тапсырған еді. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7%-тен аспауы қажет.