Басты бетЖаңалықтарПрезидент су...

Президент су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне барады

Мемлекет басшысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады.

Мемлекет басшысының жұмыс сапары туралы ҚР президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 4 сәуір күні су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің біріне жұмыс сапарымен барады. Сапар туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланады, — деп жазды Берік Уәли.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді.