Өткен жексенбіде Алматының орталығында музыкалық іс-шара — inNauryz фестивалі өтті. Оны inDrive компаниясы «ALMATY CREATIVE» креативті индустрияларды дамыту орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған фестивальде ақындардың ұлттық өнері қайта жаңғырып, насихатталды. Жоба аясында айтыс және оның заманауи музыка мен қоғамға әсері туралы подкаст көрсетілді.
Наурыз мейрамы бірнеше форматты біріктірді: ақындар мен домбырашылардың өнері, айтыс пен жұмбақ айтыс. Алматылық тұрғындар Бибігүл Тілебалдин, Қазырет Бердіхан, Бекжан Базарбек және Шұғайып Сезімхан сияқты белгілі ақындардың өнерін тамашалады. Әйгілі күйлер мен қазақтың заманауи шығармаларын орындаған дарынды домбырашылар ақындардың өнерін қыздыра түсті. Сонымен қатар қала тұрғындары айтысты, ақындар айтысын тамашалады. Тыңдармандар айтыскерлердің орындау мәнерін ғана емес, әзіл-қалжыңын тыңдап, демалып қайтты. Айтыстың басты тақырыбы саяхат, жол және Наурыз болды. Жұмбақ айтысқа қатысқандар inDrive дайындап қойған сыйлықты иеленді: ұзаққа жолға арналған жастық пен көрпелер, домбыра мен шоколад салынған салпыншақ сияқты шағын сыйлықтар.
inDrive фестивалі өткен орынның қалай безендірілгенін айтып өткен жөн. Мәдени мұра мен қойылым тақырыбын көрсететін көрнекі элементтермен безендірілген сахнада ақындар өнер көрсетті. Ұйымдастырушылар сахнаны сәндегенде қазақы мен заманауи элементтерді үйлестіре білген. Бұл тәсіл ақындардың қазіргі қазақ музыка сахнасымен байланысын тағы бір мәрте көрсетуге, жас ұрпақтың дәстүрлі жанрмен байланыс орнатуына мүмкіндік береді.
Қала орталығындағы Арбат ауданында өткен іс-шара елорда тұрғындары мен қонақтарының назарын аудартты.
Жас ақындар әзіл-қалжыңы, күйі арқылы ирониялық сілтеме беріп қоймай, көшпенділерге тиесілі болған мәдениеттің үлкен қабатын көрсетті, — дейді «ALMATY CREATIVE» креативті индустрияларды дамыту орталығының бас директоры орынбасары Бақыт Елубаева.
inDrive өкілдерінің айтуынша, мұндай іс-шараны өткізу идеясы Қазақстанның ұлттық музыкалық мәдениетіне назар аудару ниетінен туған. Жобаның негізгі миссиясы – ақындардың дәстүрлі өнерін сақтау және оны Қазақстанның заманауи музыкалық контекстіне енгізу.
Бұл Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, өскелең ұрпақтың ұлттық салт-дәстүр мен өнерге назарын аударуға септігін тигізеді деп ойлағандықтан, жергілікті музыка жанрына ерекше мән беруді жөн көрдік. Ақындар мен олардың өнері әрбір қазақстандыққа таныс, бірақ үлкен қалаларда ақындардың мәдениеті жоғалып барады. Сондықтан біз үлкен қалаларды ауылдар мен елді мекенге жеткізуге көмектесетін қызмет ретінде қала тұрғындарына ұлттық музыка мәдениетін еске түсіріп, елді мекендер мен қалалар қауымдастығын біріктіруді шештік, — inDrive.Қалааралық қызметінің басшысы Борис Хван.
Оған қоса inDrive өкілдері айтыс ақындар шығармашылығының маңызды бөліктерінің бірі болып және олардың қазақ мәдениетіне әсері мен маңызын атап көрсете отырып, күйшілердің қайталанбас шеберлігін ашуға көмектесетінін айтып өтті.
Сонымен қатар Наурыз мейрамы аясында inDrive сайтынан дәстүрлі айтыс мәдениеті мен қазіргі музыка арасындағы бірегей байланысқа арналған «Дәстүрмен диалогта: Қазақстанның эстрадалық мәдениетіндегі айтысты зерттеу» подкасының шығарылымы жарияланды. Онда қонақта қазақстандық Ninety One тобының мүшесі ZaQ (Zak), музыкатанушы Әсел Мұқашева мен Бибігүл ақын болды. Олар айтыстың заманауи өнерге, музыкаға әсерін және бұл құбылыстың жастар арасында ұлттық болмыстың жаңғыруына қалай ықпал ететінін талқылады. Сонымен қатар олар астыртын сахнаға қатысты тақырыптарды қозғап, дәстүрлі формаларды жаңа жанрлар мен форматтарда жаңашылдықпен қолдануды айтты. inDrive подкасы айтыс тарихына терең бойлауды, оның қазіргі өнерге, музыкаға және әлеуметтік әңгімелерге әсерін, қазақ музыкалық мәдениетінің байлығы мен алуан түрін көрсетеді.
Қазақ мәдениеті мен музыкасына қызыққанның барлығы мамандармен бірге дәстүрлі айтыс өнері мен заманауи музыкалық стильдердің бірегей үйлесімін зерттей алады. Подкаст музыканттар мен музыка әуесқойларының жаңа буынын қазақ мәдениетін тереңірек зерттеуге және қабылдауға шабыттандыруға тырысады. Подкасты енді тыңдауға болады.
Наурыз мейрамы сияқты бастамалар дәстүрлі элементтердің заманауи музыкалық ағымдармен үйлесетінін көрсете отырып, жастар арасында ұлттық бірегейлікті жаңғырту мен насихаттауда шешуші рөл атқарады.