Алматы облысында жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық станциялар желісі сағат 08.56-да жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 108 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 9,1. MPV магнитудасы — 4.4. Жер сілкінісінің координаттары – 43,13° с.е. 78,23° ш.б. Тереңдігі — 15 км. Қазақстан аумағында сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Еске салайық, кеше Жамбыл облысы Меркі ауылының тұрғындары 2 балдық жер сілкінісін сезінді.