Ресейдің 22 өңірін су басты. 130-ға жуық үй мен 2 мыңдай жер телімі бүлінген. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
100 көпір мен 50 жолды су шайып кеткен. Әсіресе Алтай өлкесінде зақымданған ғимарат көп. Эвакуацияланған тұрғындар арнайы орындарға орналастырылып жатыр. Аймақта төтенше жағдай жарияланды. Орынбор облысында қосалқы электр станциясын су басқан. Саратов облысында биыл қардың көп түсуінен апатты жағдай қалыптасты, — делінген хабарламада.
Өңірде 24 өзен тасыды. Жергілікті қоймалардың су деңгейі қалыпты межеден 126%-ке жоғары боп тұр. Новосібір облысында жолдарды су шайып кеткен.
Ульяновск облысында биыл қыста қар әдеттегіден көп жауып, 20 елдімекенді су басып жатыр.