Басты бетЭкономикаҚазақстанда бірнеше...

Қазақстанда бірнеше банк бірігуі мүмкін

Қиындыққа төтеп бере алмаған банктер бірігуге де дайын болуы тиіс. Сондай-ақ, Елбасы Ұлттық банк төрағасы мен Үкімет мүшелеріне  тұрғындардың ипотекалық қарызына  қатысты мәселені де шешіп  беруді тапсырды. Яғни, Данияр Ақышев пен министрлер кабинеті азаматтар қайтара алмай жүрген ипотекалық және ақшалай несиелерді  қайта қаржыландырудың жолдарын ұсынуы тиіс.

Назарбаев қаржы саласына төніп тұрған қауіп-қатердің барын да жасырмады. Бұл тұрғыдан Ұлттық банктің жауапкершілігі жоғары. Ал әзірге Данияр Ақышевтың баяндамасы оптимизмге толы.

Бас банкирдің айтуынша, еліміздегі инфляция  қазір 7,7 пайызға жеткен, ол жыл соңында тіпті,  7 пайызға дейін төмендейді екен. Шетелден келген инвестиция көлемі рекордтық деңгей – 14 миллиард долларға жетіпті.

ДереккөзKtk.kz