Көкшетауда төтенше жағдай жарияланды

Бұл туралы Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса мәлімдеді.

Төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім Қылшақты өзенінің арнасынан асып, маңындағы үйлер мен көшелерді тұтастай су басқанына байланысты қабылданған.

Жағдайды тұрақтандыру үшін Көкшетауда төтенше жағдай режимін жариялау туралы шешім қабылданды. Барлық залал бағаланып, залалды өтеу мәселесі комиссиялық түрде шешілетін болады. 29 наурыздағы жағдай бойынша жүзге жуық адам дайындалған орындарға орналастырылды. Зардап шеккендерге қажет көмек көрсетіледі, — деді әкім.