Көкшетауда су тасқынына байланысты 52 адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Бұл туралы Көкшетау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әкімдіктің мәліметінше, Қылшақты өзенінің арнасынан шығуына байланысты 29 наурыз сағат 3.00 кезінде, су басқан учаскелердегі жеке тұрғын үйлер мен көп қабатты үйлердің тұрғындары уақытша қоныстану аумағына орналастырылды.
Қазіргі уақытта «Жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ жанындағы халықты бейімдеу орталығына 52 адам эвакуацияланды, — делінген хабарламада.