Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда спорт...

Қазақстанда спорт көліктері құрастырылмақ

Артем Абишевтің айтуынша, бір көлікті құрастыруға екі ай жұмсайды. Сондай-ақ спорткардың пилоттық моделін жасауға 4 миллион теңге қажет. Алдағы уақытта көлік тест-драйвтан өтетін болса, коммерциялық өндіріс басталмақ.

“Көліктің бағасы 10-20 мың доллар аралығында болады. Айта кетерлігі, бұл көлік тек жарыс жолағына ғана арналады. Тұрақты түрде сервис жұмыстары қажет. Біз сапалы қызметті арзан бағаға істей аламыз”, – дейді Артем Абишев.

Мамандардың пікірінше, автокөлік нарығының осы секторында Қазақстанның әлеуеті жоғары.

ДереккөзNaryk.kz