Басты бет"А" корпусындағы...

«А» корпусындағы мемлекеттік қызметкерлердің саны екі есе қысқарды

 

Биылғы жылдың 5 сәуірінде мемлекет басшысы «А» корпусындағы мемлекеттік қызметке тағайындау тәртібін реттейтін құжатқа қол қойды.

«Сараптама барысында мемлекеттік қызметтегі басқарушылыққа көп қызметкерлердің сай емес екені анықталды. Мысалы, орталық мемлекеттік органдардағы бөлім басшылары мен сектор басшылары әрдайым қажетті шешім қабылдай алмайды. Осыған байланысты қызметкерлерді екі есе қысқарттық. Бұл жұмыс сапасын арттырады»,- деді Әйгерім Әмірова.

Сарапшының айтуынша, «А» корпусынан қысқартылып қалған 241 қызметкер «Б» корпусына өту үшін ішкі конкурстардан өтеді.

Сондай-ақ, «А» корпусынан бақылау-тексеру комиссияларының мүшелері мен төрағалары шығарылды. Енді олардың қызметі «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» туралы заңмен реттеледі. Енді «А» корпусына тек жауапты хатшы, комитет төрағалары, орталық аппарат пен жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан әкімдері кіреді.

ДереккөзBnews.kz