Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Президент бұл елде Боао Азия форумының сессиясына қатысады. Сонымен қатар ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.