Басты бетЖаңалықтарҚоянды ауылында...

Қоянды ауылында 80 мың текше метр еріген қар суы сорылды

Ақмола облысының Қоянды ауылында су сору жұмыстары жалғасып жатыр, қазіргі кезде жағдай қалыпты.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, су тасқынына қарсы жұмыстарға Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен техникасы тартылған.

27 наурыз сағат 06.00 жағдай бойынша Қоянды ауылында 80 мың текше метр еріген қар суы сорылды. Бұған Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД және жергілікті атқарушы органдардан 76 адам, 17 техникасы және 18 мотопомпа тартылды. Қазіргі кезде жағдай қалыпты, — деді Ақмола облысы ТЖД бастығы Қанат Доспаев.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қоянды ауылының тұрғындары су тасқынына байланысты төтенше жағдай жариялауды талап етіп, жолды жауып тастаған еді.