Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында...

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты облыстың төтенше жағдайлар департаменті ескерту жариялады.

Алматы облысы ТЖД-ның мәліметінше, Алматы облысының тауларында 26-28 наурыз күндері қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

ТЖД азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, таулы жерлерде барлық қауіпсіздік шарасын сақтауға шақырды.

Айта кетейік, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 55 көшкін қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.