Басты бетЖаңалықтарBayan Sulu ұлттық бренді Ғашықтар күні қарсаңында «Қозы мен Баян» шоколадын шығарды

Bayan Sulu ұлттық бренді Ғашықтар күні қарсаңында «Қозы мен Баян» шоколадын шығарды

50 жылдан бері қазақстандықтардың дастарханының сәніне айналған тәттілерімен тамсандыратын компания тамаша тарту ұсынып отыр. «Bayan Sulu» ұлттық бренді Ғашықтар күні қарсаңында «Қозы мен Баян» шоколадын шығарды.

Осылайша, компания кейінгі жылдары белсенді аталып жүрген «Ғашықтар күнінің»  қазақ жастары арасында одан әрі танымал болуын қолдайды. Ғашықтардың символына айналған кейіпкерлердің бейнесімен әрленген тәттілерді шығарудың басты мақсаты – Қазақстанда «Махаббат күнінің» идеясын насихаттау. Өйткені, көктем мезгілімен ұштасып келетін бұл күн, яғни, 15 сәуір қазаққа ғана тән, яғни, “Баян сұлу” фабрикасы ұлттық мәдениеттімізді құрметтеуге үндейді.

шоколад
«Bayan Sulu» ұлттық бренді

Өз тарихын терең ұғынып, ұлттық құндылықтарын шын бағалай білетін халықтың ғана болашағы мәңгі болмақ. Бүгінгі жаһандану заманында  кез келген ұлтты ерекше ететін дүниелер — сол ұлттың төл тарихы, мәдениеті мен тілі екені анық. Сол себепті, біз «ғашықтар күн» мерекесінің елімізде насихатталауын қалаймыз. Осы тұста біз де қолымыздан келгенін жасап жатырмыз. Ғашық жандардың 15 сәуірде бір-біріне таратуы үшін «Қозы мен Баян» шоколадтарын шығардық. Бастысы, өнімдеріміздің сапасы жоғары, халықаралық стандарттарға сай жағдайларда өндірілген. Біз ұсынған “Ғашықтар шоколады” елімізде 15 сәуір– Ғашықтар күні мерекесі ретінде орнығуына өз септігін тигізеді деп үміттенеміз, — деп атап өтті «Баян Сұлу» АҚ президенті — басқарма басшысы Тимур Садықов.

Бұл ретте, компанияның М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік драма театрына демеушілік жасап жатқанын да атап өткен жөн. Араға алты жыл салып, театр өнерінің қара шаңырағына «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» спектаклін қайтарып отыр. Аты мәшһүр жазушы Ғ.Мүсіреповтың пъесасы негізінде қойылатын спектакльдің премьерасы 12 сәуір мен 14 сәуірге жоспарланған. Қойылымдағы басты рөлдерді  театрдың аға буын мамандары Бекжан Тұрыс, Бақтияр Қожа, Күнсұлу Шаяхметова, Шынар Асқарова және жас актер Мағжан Асаубаев пен Индира Құлмағанбет сахналайды.

«Bayan Sulu» ұлттық бренді

Осылайша көрермен таяу күндерде бизнес пен өнер үйлесімінен туған жауһар туындыны тамашаламақ. Бұл ретте, халыққа жақсы дүние көрсету арқылы өндіріс орындарының өкілдері ұлт руханиятының, мәдени байлығының демеушісі бола алатыны рас. Оған халқымыздың эпостық жырындағы хас сұлу Баянның есімін алған ұлттық бренд – кондитерлік фабриканың бастамалары дәлел.

Айта кетейік, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» бірнеше тілге аударылған дастан. XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен лиро-эпостық жыр бүгінде халықаралық деңгейде мойындалған құнды мұра.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да