Басты бетЖаңалықтарАлматы тауларында...

Алматы тауларында қар көшкіні жүру қаупі бар

21-26 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында жылымықтың әсерінен, қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына және қатты жауын-шашын күтілуіне байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК синоптиктері хабарлады.

Көшкін жүру қаупіне байланысты, қарлы тік жартастарға шығуға тыйым салынады. Тауда абай болыңыздар, – делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, 20-22 наурыз аралығында Алматыда күн бұзылып, нөсер жауын жауады.