«Жазғы каникулда астаналық оқушылардың басым бөлігі және олардың ата-аналары қала сыртына немесе туристік орындарға қыдырып кетеді. Ал көрмеге келген қонақтардың, шетелдік туристертің көпшілігі жаяу болғандықтан, кептеліс болады деп қауіптенуге негіз жоқ. Оның үстіне Астана әкімдігі қаланың қоғамдық көліктерін жетілдіруге баса назар аударуда. Таксилік желілер әзірленуде. Көлік ағынын бақылауда ұстаймыз», — деді Елжан Қалиұлы.
Айта кетейік, бүгін Астана қаласының әкімдігінде ЭКСПО қарсаңында қала көшелеріне жүргізілетін жөндеу жұмыстары туралы баспасөз мәслихаты өтті. Онда Астана қаласындағы жол жөндеу жұмыстарына 5,5 миллиард теңге бөлінгені туралы хабарланды. Сондай-ақ сәуір-мамыр айларында сол жағалау көшелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бірқатар көшелердің уақытша жабылатыны ескертілді.
Еске салайық, Астанада ЭКСПО көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйек аралығында өтеді.