Түркістанда жындыханаға жабылған қыздың жағдайын білуге келгендерді күзетшілер жағадан алды

Түркістандағы психионеврологиялық мекемеде жатқан Маржан Тұрлыбаеваға қатысты дау жаңа қарқын алды. Бойжеткеннің сау екеніне шүбәсіз сенген бір топ адам сол аурухананың алдына барып, Маржанды көрсетуді сұрады. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Олар тағы да тәуелсіз сараптама жасалуын талап етті. Бірақ емдеу мекемесіндегілердің қызды көрсетпегені былай тұрсын, күзетшілері келгендерді жағадан алды.

Маржанмен әуелден ұялы телефонмен хабарласып, сөйлесіп жүрген бір топ адам бүгін Түркістандағы емдеу мекемесіне келді. Жетім қызды көзбен көріп, халін білмек болған. Бірақ күзетшілер келгендерді ештеңеге қаратпай жағадан алды.

Мекеме алдына жиналған он шақты әйелді күзетуге 40-тан астам полицей келді. Жиналғандардың бір ғана мақсаты бар – «шизофреник» деп танылған қызға қайта сараптама жасатқызу.

«Тәуелсіз сараптама Алматыда не  Астанада жасалса. Тек  Шымкенттен емес. Біз Шымкентке сенбейміз. Өйткені бұны «жынды» деп Шымкент жапқан басында. Қайтадан сол жынды деп айтқан адамнан өткізді да, қайтадан жауып қоя салды», – дейді Түркістан қаласының тұрғыны Жәмилә Жұмабаева.

Туыла сала жетімдер үйінде өскен Маржан Тұрлыбаеваны 10 жасында әлдебір отбасы асырап алған екен. Тек кейін өгей ата-анамен жараспаған қызды 1 жарым жылдан соң жындыханаға өткізіпті. Содан бері бірнеше мекемеге ауыстырылған. Тек қызды бұрыннан танып- біліп, үнемі сөйлесіп жүргендер оның сау екеніне еш шүбә келтірмейді. Тіпті, Маржанды 8 айдан бері қарап жүрген психиатр да қыздың денсаулығынан кінәрат таппапты.

«Жолдама арқылы 18 жасқа толуына байланысты біздің мекемеге келгеннен бері қазіргі таңда ода ешқандай психикалық ауытқу белгілері байқалмайды. Сондықтан, ешқандай ем қабылдап жатқан жоқ», – дейді Түркістан қалалық психоневрологиялық-әлеуметтік мекемесінің психиатры Сәбит Қапалов.

Жұрт дүрліккен соң шенеуніктер «психиатриялық мекемеде заңсыз ұстау» бабы бойынша тергеу басталды деген. Бірақ әзірше не полицейлер, не дәрігерлер тіс жармады.

Маржан Тұрлыбаеваны қолдаушылар қазір әлеуметтік желілер арқылы қол жинап жатыр. Жетім қыздың сап-сау екеніне нық сенімді олар тәуелсіз сараптама жасалуын талап етеді. Қажет десе халық өз қалтасынан қаржы жинап, Астана мен Алматы, болмаса тіпті шетелге жіберіп қыздың ақыл-есін тексертеміз деп отыр.

Дереккөзktk.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елімізде жанармайдың көтерме саудасына шекті баға қойылуы мүмкін

Қазақстанда бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Мұндай бұйрық "Ашық НҚА" сайтына шықты. 

Алматыда жаңа электр станциясы іске қосылады

Алматыда биыл «Нұршашқан» және «Қайрат» шағынаудандарын тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін қосалқы электр станциясы іске қосылады.

Президент үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады

Мемлекет басшысы үкімет пен парламенттің алдағы бес жылдағы негізгі міндетін атады.

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Прокурор Қайрат Боранбаевты сегіз жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеуді сұрады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақыны көбейтуді тапсырды

VIII сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жәрдемақыларды көбейтуді тапсырды.

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды.