Qazaqstan Football League — Қазақстан футбол лигасы атауын өзгертті

2024 жылғы 28 ақпанда Астанада Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жаңа бренді мен жаңа маусымының тұсаукесері өтті.

Тұсаукесерді лиганың жаңа атауы таныстырылды. Лига енді QFL (Qazaqstan Football League) деп аталады. Оған қоса логотип те жаңарды. «Футболмен бірге» деген ұран да көпшілікке хабарланды.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов барлық жұмыс елімізде футбол бизнес индустриясын құруға бағытталғанын айтып өтті.

Лигамен бірлескен жұмысымыз футбол бизнес индустриясын құруға бағытталған. Ол футбол демеушілері мен инвесторлар үшін тартымды актив, халық үшін әлеуметтік маңызы бар өнім, ал халықаралық деңгейде мемлекет үшін мақтаныш болады. Бүгінде лига қазіргі барлық қиындыққа төтеп беруге және өз стратегиясының барлық тармағын жүзеге асыруға қабілетті. Бұл — аса айқын және қол жеткізуге болатын мақсаттар, — деді ол.

Тұсаукесерде жаңа турнирлердің басталғаны да хабарланды. Бұл – Лига кубогы мен Әйелдер лигасы. Лига кубогы мәртебелі кубокты ғана емес, қазақ футболы тарихындағы ең үлкен жүлде қорын сарапқа салатын алғашқы турнир. Оған 16 қазақстандық клуб қатысады. Бұл бір миллион доллар болады. Әйелдер лигасына келетін болсақ, оған еліміздің бес облысынан алты клуб қатысатынын растады.