Алматыда өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұл туралы тқтенше жағдайлар департаменті хабарлады
Орташа тәуліктік температураның жоғарылауына және қардың қарқынды еруіне байланысты 17-18 наурыз аралығында таулы өзендерде су деңгейі көтеріледі. Алматы қаласының аумағына іргелес тау бөктері мен аудандарда, су тасқыны болуы мүмкін, — деп хабарлады қалалық Төтенше жағдайлар департаментінен.
Осыған орай құтқарушылар тұрғындарға жақын орналасқан арықтар мен каналдарды қоқыстан тазартуға шақырды.