Басты бетЖаңалықтарАлматы облысында...

Алматы облысында 12 мыңнан астам шетел азаматы заңсыз тұрып келген

Алматы облысындағы 278 үйде 12 мыңнан астам шетел аазматтары тіркелгені анықталды. Бұл туралы Алматы облысы прокуратурасы хабарлады.

Прокуратураның мәліметінше аталған үйлердің қатарында тұрғын үйлер мен мекенжайы жоқ үйлер де болған. Мысалы, Қарасай ауданы Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетел азаматы тіркелгені белгілі болды.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар 3 мың заңсыз көшіп келушінің мемлекеттік қазынаға 79 миллион теңге көлемінде салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келуші мен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келуші елден шығарылмаған, — делінген хабарламада.

Жалпы, тексеріс барысында облыс прокуратурасы көші-қон заңнамасын бұзудың 600-ден астам дерегін анықталып, 17 көші-қон полиция қызметкері тәртіптік жауапқа тартылды.

Қазіргі уақытта аталған бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.