Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ұшып барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасына мемлекеттік сапармен барды, — делінген хабарламада.
Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда Қазақстан президентін Әзербайжан премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Эюбов пен сыртқы істер министрінің орынбасары Самир Шарифов қарсы алды.