Басты бетЖұмыста қысқартуға...

Жұмыста қысқартуға ұшыраған жағдайда нені білу керек?

Жұмыстан қысқарту ережелері

Жұмыс беруші қызметкерін жұмыстан қысқартатын болса, оған кем дегенде бір ай уақыт бұрын оған жазбаша ескерту жіберуі керек.

Сондай-ақ, айына орташа еңбекақы мөлшерінде өтемақы төлемін жүргізуге міндетті.

Жұмыс беруші жүкті әйелдерді, үш жасқа дейінгі балалары бар әйелдерді, он төрт жасқа дейнгі бала немесе он сегіз жасқа дейінгі мүгедек бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналарды, аталған санаттағы балаларды аналарынсыз тәрбиелеп отырған басқа да адамдарды қысқартуға құқығы жоқ.

Егер сізді жұмыстан қысқартса…

Жұмыстан қысқартуға ұшырасаңыз халықты жұмыспен қамту орталығына барып, төмендегі қызметтерді тегін алуға құқыңыз бар:

  • лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға көмектесу жөніндегі қызметтер, оның ішінде жұмысқа орналасуға белсенді көмек алуыңызға;
  • Қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялар, кәсіби әлеуметтік бағдарлама ақпараттарын алуыңызға;
  • «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасында көзделген жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін пайдалануыңызға болады.