Жақсылық Үшкемпіров алматылық жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізеді

Бүгін, 11 сәуір күні грек-рим күресінен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров «Халық арена» мұз айдынында жас жеткіншектермен кездесіп, шеберлік сабағын өткізеді.

Алматы қаласының  Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, даңқты балуан жас спортшыларға  күрестің айла-тәсілдерін үйретеді.

Естеріңізге сала кетсек, мұндай шеберлік сабақтары әр 10 күн сайын атақты спортшылармен өтетін болады. Осындай  мүмкіндікті пайдаланып жеткіншектер  еліміздің белді балуандарымен, оның ішінде  Олимпиада жүлдегерлері, әлем, Азия және Еуропа  біріншіліктерінің және  көптеген халықаралық турнирлердің  жеңімпаздарымен шеберліктерін шыңдайды. Мұндай жүздесулер жас спортшылардың жігерін көтеріп, биік жетістіктерге жетуіне себеп болары анық.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version