Басты бетЖаңалықтарЕлімізде әйелдердің...

Елімізде әйелдердің басым бөлігі қай салада жұмыс істейді?

Қазақстанда әйелдер жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3% құрайды. Бұл туралы ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Республикада түрлі салада 4 370 715 әйел жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 48,3%-і. Егер 3,4 миллион әйел жалданып жұмыс істесе, 940 мың әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған, — делінген хабарламада.

Салалар бөлінісінде:

  • әйелдердің басым бөлігі білім беру саласында жұмыс істейді – барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 20%-і,
  • көтерме және бөлшек саудада – 19,6%,
  • ауыл шаруашылығында – 9,7%,
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 9,6%,
  • өнеркәсіпте – 7,8%.

Әйелдердің ең аз саны ақпарат және байланыс саласында тіркеліп отыр, барлық жұмыспен қамтылған қыз-келіншектердің 1,6%-і.