Басты бетЖаңалықтарПулитцер сыйлығының...

Пулитцер сыйлығының лауреаттары анықталды

Халықаралық журналистика саласында бұл сыйлықты Ресей президенті Владимир Путин туралы жарияланым үшін The New York Times газеті жеңіп алды.

Ұлттық тақырыптарды ашқаны үшін Пулитцер сыйлығы The Washington Post журналисі Дэвид Фарентолдке берілді. Өз материалында Фарентолд АҚШ президенті Дональд Трамптың қайырымдылық ұйымдарына жәрдемдескен жомарттығына шүбә келтіреді.

Көркем сын үшін аталған сыйлықты театр қойылымдары жөнінде бірнеше материал жазған The New Yorker журналисі Хилтон Элс алды. Қоғамға қызмет еткені үшін номинациясы бойынша жүлдені New York Daily News және ProPublica басылымдары бөліп алды. Олар полиция қызметкерлерінің өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғанын жариялаған еді.

Көрнекті журналистік зерттеу үшін Пулитцер сыйлығы Charleston Gazette-Mail қызметкері Эрика Эйрге табысталды. Оның материалдары АҚШ бойынша нашақорлық мендеп тұрған Батыс Вирджинияға есірткі заттарын тасымалдауға арналған.

Пулитцер сыйлығы — журналистика мен әдебиет саласындағы беделді сыйлықтардың бірі. Сыйлық 21 номинация бойынша беріледі.

ДереккөзInform.kz