Алматыда тағы жер сілкінді. Сейсмологиялык зерттеу институтына қарасты сейсмикалық станциялар желісі 6 наурыз Алматы уақытымен 05.09-да жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 266 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
- Энергетикалық класы — 12.6.
- Магнитудасы — 5.4.
- Тереңдігі — 10 шақырым.
- Алматыда 2 балл көлемінде сезілді.
Еске салайық, 4 наурыз Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болған еді.