Басты бетЖаңалықтарЖер сілкінісі:...

Жер сілкінісі: Алматыда халықты құлақтандыратын Cell Broadcast технологиясы енгізіледі

Алматыда жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандыратын Cell Broadcast технологиясы енгізіледі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында Алматы әкімі Ерболат Досаев айтты.

Мемлекет басшысының биыл 25 қаңтардағы мобайл құрылғылар арқылы халықты шұғыл жаппай құлақтандыру жүйесін енгізу жөніндегі тапсырмасы аясында Алматы әкімдігі пилоттық режимде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесіп, қала тұрғындарын төтенше жағдай жөнінде жедел хабардар ету мақсатында мамыр айының соңына дейін 475 миллион теңге бөлінген Cell Broadcast технологиясын пайдалана отырып, Mass Alert қағидаты бойынша халықты жедел құлақтандыру жүйесін енгізуді жоспарлап отыр, — деді Ерболат Досаев.

Оның айтуынша, Cell Вroadcast технологиясының дәстүрлі SMS-тен айырмашылығы желіге қосымша жүктеме жасамайды және базалық станциялардың антенналарын қамту аймағында орналасқан барлық абонент үшін жедел және жаппай таратуға, хабарлау уақыты мен жиілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.