«Қазгидромет» РМК 2024 жылғы су тасқыны бойынша негізгі болжамдарын жариялады.
Қазақстанның жазық өзендеріндегі көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеу деректеріне сәйкес жасалды.
«Қазгидромет» РМК өңдеген «NASA» спутниктерінің Жерді қашықтан зондтау суреттері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдайға сәйкес, Қазақстанның 72% аумағында қар жабыны бар. Жауын-шашын мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдығы көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сонымен қатар өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді, — деп жазылған «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Осылайша, су тасқыны қаупі жоғары өңірлер ретінде Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары аталды.
Орта қауіптегі өңірлер – Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Ұлытау облыстары болса, Маңғыстау облысында су тасқыны қаупі жоқ. Қазіргі уақытта қар жиналу процесі жалғасып жатыр.