Huawei Қазақстанға қандай жаңа технологияларды әкеледі?

MWC Barcelona 2024 іс-шарасында Huawei компаниясы «Алдыңғы қатарлы цифрлы әрі интеллектуал инфраструктура, өнеркәсіп интеллектін дамыту» деген тақырыпта саммит өткізді. Онда компания 5G-ді жетілдіру үшін және 5.5G-ді іске қосу үшін жаһандық компаниялармен жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді. Оған қоса олар жаңа технологияны дамытуға арналған шешім ұсынды.

Huawei компаниясы түрлі саладағы технологияның дамуына көмектесетін 10 шешім ұсынды: ақылды үй, ақылды класс, медицина технологиясын цифрландыру, цифрлық ядро, интеллектуал фабрика, толық қосылған талшықты-оптикалық желісі бар «Ақылды әуежай», оптикалық талшықты сенсоры бар периметрлік қауіпсіздік, темір жол периметрін интеллектуал анықтау, ITS 2.0, қуатты интеллектуал бөлу (IDS), мұнай және газ құбырларының қауіпсіздігін басқару шешімдері. Huawei ICТ сату және қызмет көрсету бөлімінің президенті Ли Пэннің айтуынша, қоғам осы шешімдерді жүзеге асырса, цифрлы әлемді құрып, көп жетістікке жетеді.

Ақпараттық дәуірден цифрлық ғасырға дейін әрбір трансформация орасан зор мүмкіндіктер әкелді. Біз қазір интеллектуал әлемге кіріп жатырмыз және болашақты болжаудың ең жақсы жолы — оны жасау. Huawei салалардың интеллектуал трансформациясын жеделдететін ақылды өнімдер мен цифрлық инфрақұрылымдық шешімдерді ұсынуға күш-жігерін салып жатыр. Біз осы жолда басқалар үшін сенімді серіктес болу үшін бар күшімізді саламыз, — деді Ли Пэн.

Ли Пэң. Фото: Huawei

Сонымен қатар Huawei-дің аймақтық PR директоры Уэн Шуңли компанияның бірнеше жаңа технологиясын таныстырды. Оның айтуынша, оның кейбірі Қазақстан нарығында іске асады.

Ең әуелі біздің жаңа технологиямыз — Huawei Solutions-пен таныстырғым келеді. Әсіресе, 5,5G туралы айтсақ, бұл желі жоғары жылдамдықта істейді. Мысалы, ол 5G-ге қарағанда 10 есе жылдам. Оған қоса 5G Green деген жаңа идеямыз бар. Бұл технология жаңа нәрсе әкеліп қана қоймай, қоршаған ортаға, әсіресе экожүйеге зиянын тигізбейді. Ал Huawei Solutions электр қуатын үнемдеуді де көздейді. Біз осы жаңа технологияның барлығын Қазақстан нарығына шығарамыз. ICT Talent бағдарламасы арқылы дарындылардың өз мақсатына жетуіне көмектесеміз, — дейді Уэн Шуңли.

Уэн Шуңли. Фото: Зарина Алимова