4 наурыз сағат 11.22 кезінде Алматы қаласында жер сілкінісі болды.
Алматы қалалық ТЖД мәліметінше, сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық станциялар желісіндегі ақпарат өңделіп жатыр.
Алматыда 5 балл көлемінде сезілген.
Эпицентрі туралы мәлімет нақтыланып жатыр.
Өзара іс-қимыл алгоритміне сәйкес тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Полиция департаментінің жедел кезекшісіне ақпарат жеткізілді, қаланың ғимараттары мен құрылыстарын қирау мен бүлінуіне мониториң жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.