Басты бетЖаңалықтарБұрынғы мәдениет...

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов ұсталды

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов сыбайлас жемқорлық күдігі бойынша ұсталды. Бұл туралы Антикор хабарлады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрінің ұсталғанын растайды, — делінген хабарламада.

Қазір күдікті Алматы қалалық ПД-ның уақытша ұстау изоляторында қамауда.

«Тергеу шаралары жалғасып жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы шеңберінде өзге ақпараттар жария етуге жатпайды, — дейді Антикор.