Бұл рейтинг әр 10 минут сайын жаңарып отырады. Ол азиялық әншілердің Қытайдағы танымалдылығына байланысты жасалып отырады. Мұнда әндердің тыңдалымы, ақылы түрде жүктеп алынуы бойынша ұпайлар беріліп, рейтинг құрылады. Сондай-ақ «Азияның жаңа әндеріне» әншінің бір мезгілде үш әні ғана ене алады.
Жаңа рейтингте Димаштың «Ұмытылмас күн» әні 118400 ұпай жинап 1- орын, «Battle of Memories» киносының саундтрегі «Memories That Can’t Take Away» әні 115029 ұпаймен 2-орыннан көрінді. «Мен әншімін» байқауының жетінші кезеңінде орындалған «Дайдидау» әні 14-орынға жайғасты.
https://www.youtube.com/watch?v=fWrhgnFfGlc
Айта кетейік, бұған дейін де Димаштың «Singer» байқауының түрлі кезеңдерінде орындаған «Қоңыр күз», «Uptown Funk», «Adagio» мен «SOS d’un terrien en détresse» әндері осы рейтингтен табылды.
Димаш Сен біздің мақтанышысын Так держать сынок ТОЛЬКО НЕ СЛОМАЙСЯ ПУСТЬ ДОЛГО ГОРИТ ТВОЯ ЗВЕЗДА МЕНДЕ 2 ҰЛЫМ БАР ЕКІ ҰЛЫМА ТІЛЕЙТІНІМДІ САҒАНДА ТІЛЕП ОТЫРАМЫН АМАНДЫҚ ТАБЫС ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ КӨЛДЕНЕННЕН САҚТАЙҒӨР КӨКЕЛЕРІМДІ АЛЛА БКО ЧИНГИРЛАУ
Димаш бауырым жарайсын алга тек алга
Жарайсың Димаш тіл көзден аман бол
Димаш, айналайын, тіл-көздег аман бол, еліміздің көк байрағын желбіретіп, абыройың асқындай берсін! Бәріміздің қазақ екенімізді шын сезіндірген МАҚТАНЫШЫМЫЗСЫҢ СЕН! АЛҒА, ТЕК АЛҒА! АМАН БОЛ!